Отандық ауыл шаруашылығын әртараптандыру күтіп тұр. Сала министрлігі дәл осы күндері 2024 жылы атқарылар ауқымды өзгерістер мен мақсат-межелерді жазып-сызып жатыр. Жоба-жоспарлар таяу күндерде өтетін Үкімет отырысында таныстырылады. Бұл туралы Жетісу облысына жұмыс сапарымен келіп қайтқан Айдарбек Сапаров өзі айтты. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевпен бірге Талдықорғанда өкілдерімен кеңес өткізді. Проблемалық мәселелерді талқылады.