БАҚ-пен байланыс берік. Мемлекеттік қызметкерлер үшін өз жұмысының нәтижесін қалың көпшілікке көрсетіп, есеп беру аса маңызды. Сондықтан, мамандар журналистика саласының өкілдерімен бірлесе жұмыс істеу қағидаларын білуі қажет. Осы мақсатта Алматы облысының қызметкерлеріне «Жетісу» арнасының журналисі Бекен Әлірахым семинар-тренинг өткізді. Барысында екі сала мамандары үшін маңызды мәселелер талқыланды.
Мәтін: “БАҚ-пен өзара байланыс “. Осындай атаумен «Жетісу» арнасының Қонаевтағы қосынында 20-дан аса маманға арналған семинар-тренинг өтті. Барысында журналист Бекен Әлірахым қатысушыларға көпшілік алдында дұрыс сөйлеу мен БАҚ өкілдерінің сауалына нақты жауап беру жолдарын айтты.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.