Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң наурыз айынан бастап жүзеге асады. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері өзара дөңгелек үстел өткізіп, заңда қарастырылған 3 жағдайды кеңінен талқылады. Заңға сәйкес соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдында қарызы бар тұлғаларға қолданылады. Бірақ берешек 5,5 млн теңгеден аспауы керек — дейді саладағылар.