Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен кеңейтілген жиын өтті. Онда, жуырда Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын іске асыру жолдары талқыланды. Басқосуға облыстық басқарма, департамент басшылары, аудан, қала және ауыл әкімдері мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты.