Дәрігерлер еңбегі – ерлік. Халықтың ыстық ықыласы олар үшін зор мәртебе. Денсаулық саласына 30 жыл өмірін арнаған Гүлнар Бөпешпаева осылай дейді. Жүйке жүйесін емдеуші дәрігері Қонаев қаласындағы көпсалалы ауруханасында еңбек етеді. Жұртшылық оны кең жүректі, өз ісінің кәсіби маманы ретінде таниды. Әсіресе, пандемия кезінде талай адамның өмірін ажалдан арашалап қалыпты.