Жүгерінің 17 сұрпын шығарған. «Дала рауы» атты дақылдың 20 ға жуық түрін өсіріп шығарған ізденімпаз агроном Еңбекшіқазақ ауданында тұрады. Дәл осы дақылдың өнімділігін арттыру жолына 20 жыл өмірін сарп етіпті. «Будан Агро» атты серіктестікте жұмыс істейді. Бірақ, ол өсірген тұқымдар Алматы облысының түкпір-түкпірінде өсіріліп жатыр.