Жетісу облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту ісі нақты көрсеткішке ие болып отыр. Әсіресе, жер игерген диқаншылар қауымына жасалған қолдау өз нәтижесін беріп келеді. Оның бір дәлелі аумақтағы сервистік-дайындау орталықтарының құрылуын айтуға болады. Қазір орталықтардың саны 50 ге жуықтайды. Олар қаржы лизингі арқылы шамамен 10 млрдтан астам теңгеге ауыл шаруашылық техникасымен жабдықталыпты.