«Еңбегімен ер атанған». Кезеңінде ерлермен үзеңгілес жүріп, әйгілі шопан атанған Жамал Манапбаеваның туғанына -95 жыл. Ол Таушелек тауы етегінде Қазақстан ғылым академиясының биология институты базасында шопан болды. Қазақстың арқар – меринос қойының жаңа тұқымын өсіріп -бағуға қосқан ерен еңбегі үшін КСРО мемлекеттік сыйлығы берілген. Кеген ауданында қадірлі еңбек адамының құрметіне еске алу кеші өтті.