Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов бірқатар кәсіп иелерімен кездесті. Негізгі мақсат — шағын және орта бизнес өкілдері жұмысындағы кедергілерді азайту. Жиында жер телімі, ғимаратты жалға алу, несие мәселелері қаралды.