Кез-келген адам жекеменшік балабақша да, мектеп те аша алады. Ол үшін кәсіпкерлерді қолдауға мемлекет тарапынан субсидия да қарастырылған. Бұл туралы Алматы облысының білім басқармасы өкілдері мәлімдеді. Үкіметтен қарастырылған қолдауға қол жеткізу қиын емес, – дейді мамандар. Бастысы – жекеменшік балабақша ашуда, заңдастырылған жеріңіз немесе талапқа сай ғимарат немесе үй-жайыңыз болуы шарт. Егер жоқ болса, аарнайы ғимаратты жалға алуға да рұқсат.