Бүгін Талдықорғанда Алматы облысының полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Кудебаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтті. Ашық сот деп жариялағанымен басым бөлігі жабық форматта өтті. Бір қызығы, куәгерлерді тыңдау кезінде айыпталушының құқық қорғаушысын да сот залынан шығарып жіберді. Сондай-ақ, куәгер санатында Алматы облысының экс әкімі Қанат Бозымбаев та төбе көрсетті.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.