«Дені саудың, жаны сау». Осындай атаумен Алматы облысының мамандандырылған күзет қызметкерлерінің жеке құрамының арасында шағын футболдан жарыс өтті. Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған спорттық шараға өңір аймақтарынан 150-ге жуық жуық қызметкер қатысты. Мұнда жеңімпаз атанғандары республикалық спортакиадаға жолдама алады.