Қонаевта жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында панкратионнан Алматы облысы федерациясының кубогы өтті. Жарыс аралас жекпе-жек түрлерін кеңінен насихаттау, сондай-ақ Алматы облысының құрама командасын толықтыру және жасақтау мақсатында ұйымдастырылған.