Мемлекет бюджеті барынша үнемделіп, су басқан өңірлерге, ондағы халықтың тұрмысын реттеуге жұмсалады. Бүгін топалаң судан зардап шеккен Петропавл тұрғындарымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президент Солтүстік Қазақстан облысына арнайы барып, апат салдарын көзбен көріп, эвакуацияланған азаматтардың хал жағдайын біліп қайтты.