Алматы облысына іс-сапары барысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өңір жастарымен кездесті. Еркін форматта өткен басқосуға түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді азаматтар қатысты. Басқосуда жас буын өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауабын алды.